Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
КГУ Средняя школа №296
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
КГУ Средняя школа №296
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sh296-kzl.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.104): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/sh296-kzl.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

 №296 орта мектепте «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша мамандардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы маңызды мәліметтер берілді.

Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, олардың салдары, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері және мұндай жағдайларда қайда, кімге жүгіну керектігі жан-жақты түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта ата-анасының рұқсатынсыз далаға шықпау, түнгі уақытта жүрудің құқықтық жауапкершілігі мен қауіптері туралы нақты ақпарат берілді.

Мамандар нақты өмірлік мысалдар келтіріп, жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі түсінікті жауап берді.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтану, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң мен тәртіпке деген құрметін арттыруға және саналы, жауапты азамат болып өсуіне үлкен үлес қосады.

Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!