Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
КГУ Средняя школа №296
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
КГУ Средняя школа №296
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sh296-kzl.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт

Тақырыбы: «Мен армандаған мамандық»

296 орта мектепте 5–7 сынып оқушылары арасында «Мен армандаған мамандық» тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Бұл жоба оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, армандары мен мақсаттарын нақтылай білуге үйрету, кәсіби бағдар беру мақсатында өткізілді.

Мақсаты:
- Оқушылардың армандаған мамандығына қызығушылығын арттыру;
- Болашақ мамандыққа деген нақты көзқарасын қалыптастыру;
- Шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу, ойлау және өзін еркін таныта білу дағдыларын дамыту;
- Жауапкершілік пен еңбекқорлыққа баулу.

Оқушылар өз армандарындағы мамандықтарды бейнеролик арқылы ерекше шабытпен көрсетті. Бірі дәрігер, , бірі тергеуші болғысы келетінін айтып, мамандық иелерімен сұхбаттасып, болашаққа сапар шеккендей әсер қалдырды. Видеоларда оқушылардың арманға сеніммен қадам басқаны, шығармашылықпен жұмыс жасағаны көрініс тапты.
Видеороликтер арқылы оқушылар өз болашақтарын нақты елестетіп, арман мен мақсаттың маңызын терең түсінді.