Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№296 орта мектебі» КММ
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№296 орта мектебі» КММ
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sh296-kzl.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Қызылорда қаласы, СПМК - 70 мөлтек ауданында орналасқан 1500 орындық мектеп «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №296 орта мектебі» КММ ретінде 2024 жылғы 5 тамызда құрылып, 3 қарашада пайдалануға берілді. Мектептің оқу тілі - қазақ тілі, бес күндік оқу жүйесінде жұмыс істейді. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, СПМК - 70 мөлтек ауданы, Айтмұрат Шәменов көшесі, 100Б - ғимарат.
Қазіргі уақытта 646 оқушы білім алуда, педагогтар саны - 39.

Мектеп үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейді:

  • Бастауыш білім (1 - 4 сыныптар, мектепалды дайындық сыныптары);
  • Негізгі орта білім (5 - 9 сыныптар);
  • Жалпы орта білім (10 сыныптар).

Құрылымдық ерекшеліктері: бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін аймақтарға бөлінген. Мектеп заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бастауыш мектеп: 20 оқу кабинеті, 5 мектепалды даярлық сыныбы, 2 цифрлық сауаттылық кабинеті. Жоғары сыныптар: «Наноквантум», «Химиоквантум», «Биоквантум» зертханалары, география, тарих және құқық, математика, «Робоквантум», ән - әуез және НВП кабинеттері, 3D принтерлер, лазерлік станоктар, ноутбуктер. Музыка және өнер: цифрлық пианино, хореография залы (айна, станоктар). Технология кабинеттері: «Өндірістік дизайн» шеберханасы", тігін шеберханасы, "Үй мәдениеті" кулинариялық шеберханасы тиісті жабдықтармен жабдықталған (тігін машиналары, электр плиталар, ас үй жабдықтары Спорттық және мәдени аймақтар: 4 спорт залы (баскетбол, волейбол алаңдары, гимнастикалық құралдар). 320 орындық акт залы (сахна, LED экран, музыкалық жабдық). 378 орындық асхана. Қауіпсіздік: мектепке кіреберісте турникеттер, бейнебақылау жүйесі орнатылған, оқушылардың қауіпсіздігі үшін күзет посттары ұйымдастырылған. Барлық кабинеттер эргономикалық талаптарға сай жабдықталған, бұл оқушылар мен педагогтардың оқу - тәрбие үдерісіндегі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.