16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан - қазақ халқы үшін ең қастерлі, ең қасиетті күн. Бұл күні Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздік - ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, еркіндік пен бірліктің символы.
Еліміздің тәуелсіздігі жолында талай батырлар мен қайсар жастар өз жанын пида етті. Солардың ерлігі мен рухының арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Тәуелсіз Қазақстан - болашағы жарқын, іргесі берік мемлекет.
Бүгінгі ұрпақтың міндеті - тәуелсіздікті қадірлеу, ел бірлігін сақтау, Отанымызды көркейту. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!