296 орта мектепте жоғары сынып оқушыларына “Деструктивті діни ағымдардың арбау белгілері “тақырыбында түсіндірме, алдын алу шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер қаупі, ғаламтордағы күмәнді ақпараттан сақ болу жолдары айтылды.
Оқушылардың діни сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.